Back to Search Start Over

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ МЕДИАДИСКУРС: СӨЗЖАСАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР

Publication Year :
2023
Publisher :
АО «КазУМОиМЯ им.Абылай хана», 2023.

Abstract

Мақала Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жиі ұшырасатын және жалпыхалықтық қолданысқа еніп кеткен пандемияға қатысты жаңа сөздердің жиілігін тексеру арқылы қолданысқа тез енетін сөзжасамдық құрылымдарды анықтауға арналған ИРН АР14870178 (Мемлекеттік тіркелу номері 0122РК00597) «Қазақ қоғамының тілдік контенті: өзгерістер мен жаңарулар (пандемия кезі; 2020-2022 жж.)» тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде жазылды. Электронды БАҚ тілінде ерекшеленген сөзсаптам құрылымдарын және сұхбаттардың, ғаламтордан алынған әртүрлі тақырыптағы бағдарламалардағы қазақ қоғамының психологиялық ахуалын, оның тілдік көрінісін зерттеуге, осы жылдардағы басты тақырыптарды анықтауға және оның себептерін нақтылауға, пандемия кезіндегі медиамәтін ерекшеліктеріне, адресант, адресат факторларына негізделеді. 2019 жылы Қытайда болып, артынша дүниежүзі елдерінде белең алған «Ковид-19» деген атаумен танылған карантиннің пандемияға айналғаны белгілі. Қалай десек те, бүкіл әлем жұртшылығы осы қиын жағдайдан шығатын жолды бірлесіп іздеп, ауызбіршілік танытуға, жаңадан қойылған түрлі талаптарды орындауға, яғни жағдайға қарай бейімделуге мәжбүр болды. Халықтың үйреншікті тұрмыс-тіршілігіне келген осындай өзгеріс оның тілінде ерекше көрініс тапты. Мақалада «Ковид-19»дың тілімізге, сөзқолданысқа тигізген әсері нақты мысалдар негізінде талданады. Тіл маманы ретінде сол өтпелі кезеңде пайда болған, белсенді қолданылған түрлі тілдік бірліктерді жинастырып, оларды құрамына, айтылу мақсатына, тақырыбына қарай топтастыру және саралауды мақсат еттік. Сондай-ақ, жаңа қолданыстардың қоғамдық санаға тигізген оң немесе теріс әсері, тыңдаушының оларды қабылдауы мен түсінуіндегі кедергілер, сол жаңа сөз қолданыстарды сөздік қорда орнықтырудағы БАҚ-тың рөлі, жеке тұлғалардың сөзсаптау ерекшеліктері, тіл дамуының маңызды бір кезеңі ретінде танылды. Бұл қолданыстар постпандемия кезеңінде белсенді жұмсалмағанымен, халықтың басынан өткен саяси жағдай туралы ақпарат беретін тілдік бірліктер ретінде сөздік қордан орын алатыны даусыз. Қалай десек те, ол ХХІ ғасырдағы тіл қолданысының өзіндік бір ерекшелігін көрсететін тілдік дерек немесе факт ретінде тарихтан орын алады. Демек, сөздік құрамның кірме қабатына елеулі өзгеріс енгізген медициналық терминдер, олардың қазақ тіліндегі баламалары зерттеуімізге арқау болады. Бұларды тіл қолданысының әлеуметтік, прагматикалық, психологиялық қырынан бағалануы тиіс бір тілдік материалдар деп танимыз.<br />Статья, направленная на выявление активно входящих в обиход слово- образовательных конструкций, путем частотного анализа регулярно встречающихся в средствах массовой информации Казахстанаи уже ставших общеупотребительными новых слов, связанных с пандемией, написана на основе научного проекта на тему «Языковой контент казахского общества: изменения и обновления (во время пандемии; 2020-2022 г.г.) ИРН АР14870178 (Государственный регистрационный номер 0122РК00597). Статья основана на исследованиях речевых конструкций, встречающихся в языке электронных СМИ, на исследовании психологической атмосферы казахского общества на материале интернет программ и интервью на различные темы, ее выражения в языке, на определении главной тематики, выявлении причин, особенностей медиатекстов в период пандемии, описании факторов адресанта, адресата. Известно, что начавшийся в 2019 году в Китае и распространившийся по всему миру вирус, известный под названием «Ковид-19», перерос в пандемию. В любом случае вся мировая общественность была вынуждена совместно искать выход из сложившейся ситуации, проявить единство и выполнять различные требования, приспосабливаться к ситуации. Таким образом, изменения привычного уклада жизни нашли отражение в речи. В статье влияние, которое оказал «Ковид-19» на казахский язык, проанализировано на основе конкретных примеров. Были собраны появившиеся и активно употреблявшиеся в этот переходный период различные языковые единицы, сгруппированы и дифференцированы по составу, по цели высказывания и по тематике. Положительное или отрицательное влияние новых слов на общественное сознание, сложности в их восприятии и понимании слушателями, роль средств массовой информации в закреплении новых слов в лексическом фонде языка, особенности речи отдельных лиц позволили признать этот период важным в развитии языка. Хотя в постпандемический период эти слова используются не так активно, нет сомнений в том, что они прочно закрепились в словарном фонде языка как языковые единицы, которые предоставляют информацию о прошлой политической ситуации. В любом случае они заняли место в истории как лингвистический факт, как факт, свидетельствующий о специфике языка ХХ1 века. Таким образом, предметом нашего исследования стали медицинские термины, заимствования, обусловившие существенные изменения лексического фонда языка, и их эквиваленты в казахском языке. Мы считаем, что этот языковой материал должен получить оценку с точки зрения социальных, прагматических и психологических аспектов языка.<br />This article is dedicated to the results of the research project "Language content of the Kazakh society: changes and updates (during a pandemic; 2020-2022)" funded by the Ministry of Science of the Republic of Kazakhstan.It is also based on the study of the speech structure highlighted in the language of electronic media, the study of the psychological climate of Kazakh society, its language picture in interviews, programs conducted on various topics from the Internet, to identify the main topics of those times and clarify the causes, the peculiarities of media culture during the pandemic, the factors of the addresser, addressee. It is known that the quarantine, known as "Covid-19", which took place in China in 2019 and then spread around the world, became a pandemic. In any case, the whole world public was forced to find a way out of this difficult situation together, show unity and fulfill various new requirments, that is, adapt to the situation. That is, the change in the habitual life of people was also reflected in their language. The article analyzes the impact of "Covid-19" on the language, the use of words on specific examples. As a language specialist, we aimed at gathering various linguistic units that appeared and were actively used during that transitional period, grouped and differentiated them according to their composition, the purpose of the utterance, and topic. Also, the positive or negative impact of new words on public consciousness, obstacles in their perception and understanding by listeners, the role of the media in fixing these new word usages in the vocabulary, and the speech characteristics of individuals were recognized as one of the important stages in the development of speech. Although these words are not actively used in the post-pandemic period, they certainly have a place in the vocabulary as language units that provide information about the political situation experienced by the population. In any case, it takes place in history as a linguistic information or fact that shows a peculiarity of language use in the 21st century. Therefore, our study is based on medical terms, their equivalents in the Kazakh language, which have made significant changes to the vocabulary through borrowings. We recognize these as language materials that should be evaluated from the social, pragmatic, and psychological point of view of the language use.<br />Филологические науки, Выпуск 1 (68) 2023

Details

Language :
Kazakh
Database :
OpenAIRE
Accession number :
edsair.doi...........e5c589d0b9652243ece612e586f8a236
Full Text :
https://doi.org/10.48371/phils.2023.41.63.004