«Ұлы даланың жеті қыры» бастамасы қазақ тарихына, этнографиясына, фольклорына қатысты зерттеулерге жаңа леп берді. Археологиялық және этнографиялық зерттеулер көрсеткендей, Ұлы Дала өркениетінің жылқыны қолға үйрету сынды жетістіктері адамзаттың мәдени дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Дегенмен, Ұлы даладағы жылқының рөлін әдеби және фольклорлық мұралар тұрғысынан кешенді зерттеу әлі күнге дейін жүргізілмеді. Бұл мақаланың өзектілігі жылқының Ұлы Даладағы рөлін, оның әдебиеттегі бейнесін талдау арқылы дүниежүзілік тарихтағы түркі мәдениетін тануға, әлемдік өркениеттегі өз орнымызды анықтауға бағытталғандығында. Бұл өз кезегінде қазақ тарихына біржақты баға беруді, соның ішінде атты қолға үйрету мәдениетіне қатысты еуроцентристік стереотиптердің мысалдарын жоққа шығара отырып, тәуелсіз ғылыми деректерге негізделген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әдебиетіміздегі адам санасының қазынасына үлкен үлес қосқан мәдениеттің мұрагері екенімізді сезіндіретін әдеби шығармалар зерттеу нысанына алынды. Біздің әдеби мұрамыз өлкедегі тарихи үдерістерді жаңа концептуалды пайымдауға жетелеуі керек. Оның үстіне әдебиеттегі, поэзиядағы, халық ауыз әдебиетіндегі жылқының келбетін зерттеу – болашақты қалыптастырудың құралы. Екінші жағынан, отаршылдық езгі қазақ болмысының эволюциялық дамуын тоқтатып, рухани дағдарысқа әкелді. Соның салдарынан империялық режим ұлттың сан ғасырлық этногенетикалық тегіне, мәдениетіне көлеңке түсірді. Көне шежіре көмескіленіп, қазақ елі мемлекеттігінен айырылып қала жаздады. Рухани жаңғыру идеясының заңды жалғасы болған бастама қазақ тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін отарсыздандыруға жол ашты. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты – халық ауыз әдебиетінен бүгінгі күнге дейінгі әдеби мұраларда көрініс тапқан жылқының ұлт үшін алатын орны мен маңызын ғылыми тұрғыда айқындап, адам тағдыры мен болмысын ашу үшін романдардағы жылқының интуициясын бейнелеу жолдарын талдайды. Бұл зерттеу салыстырмалы және сипаттамалық талдау әдістерін қолданып, қазақ әдебиетіндегі жылқы образына әдеби шолу жасау арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесін қазақ және түркі елдері әдебиеті мен мәдениеті, этнографиясына қатысты ғылым салаларында қолдануға болады. Мақала ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ көшпелілерінің өміріндегі жылқының рөлі және оның ұлттық әдебиеттегі көркем репрезентациялануы» атты гранттық жобасы (IRN AR 14872341) негізінде жарияланды., Инициатива «Семь граней Великой степи» дала новый импульс исследованиям, связанным с историей Казахстана, этнографией и фольклором. Как показали археологические и этнографические исследования, одомашнивание лошадей – достижение Великой степной цивилизации – является важной частью культурного развития человечества. Однако комплексного изучения роли лошади в Великой степи с точки зрения литературно-фольклорного наследия до сих пор не проводилось. Поэтому целью данной статьи является определение роли лошади в Великой степи и, через анализ ее образа в литературе, попытка познать тюркскую культуру в мировой истории, определить ее место в мировой цивилизации. Это, в свою очередь, позволит сформировать представление на основе независимых научных данных, что позволит отвергнуть однобокую оценку истории Казахстана, опровергнуть евроцентрические стереотипы, связанные с культурой одомашнивания лошадей. Литературные произведения заставляют нас понять, что мы являемся наследниками этой культуры, внесшими огромный вклад в сокровищницу человеческого сознания. Поэтому литература должна рассмотреть и по-новому концептуально осмыслить исторические процессы. Предметом исследования является анализ произведений казахской прозы. А исследование художественного образа лошади является важным для нашего будущего. С другой стороны, колониальный гнет остановил эволюционное развитие нации и привел к духовному кризису. В результате многовековое этногенетическое происхождение и культура нации была уничтожена имперским режимом. Старое генеалогическое древо было уничтожено, а казахский народ почти утратил свою государственность. Инициатива, являющаяся продолжением идеи духовного возрождения, стала началом деколонизации казахской истории, литературы, обычаев и культуры казахского народа. Поэтому целью настоящего исследования является научное определение места и значения лошади, отраженное в литературном наследии от устного народного творчества до литературы наших дней, анализ в романах способов изображения интуиции лошади для раскрытия судьбы и природы человека. Данное исследование было проведено с использованием методов сравнительного и описательного анализа через исследование образа лошади в казахской литературе. Результаты исследования могут быть использованы в областях науки, связанных с литературой и культурой, этнографией казахского и тюркского народов., The initiative "Seven Edges of the Great Steppe" had a good impact on the studies related to Kazakh history, ethnography, and folklore. Given that Great Steppe's civilisation is unique globally, the equestrian culture is an important part of this civilisation. In addition, the culture of taming horses is considered one of world civilisation's main achievements. Therefore, this article aims to study the role of horses in the Great Steppe from the perspective of literary and folklore heritages. Also, it might contribute to identifying the Turkic culture in world history. It will allow an approach based on independent scientific data, rejecting one-sided assessments of Kazakh history, including examples of Eurocentric stereotypes about equestrian culture. Many literary works in our literature make us feel that we are the inheritors of a culture that has greatly contributed to the treasures of the human mind. Our literary heritage should lead to a new conceptual understanding of historical processes in the region. Moreover, studying the horse's appearance in literature, poetry, and folklore is a tool for shaping the future. On the other hand, colonial oppression stopped the evolutionary development of the Kazakh identity, which led to a spiritual crisis. As a result, the imperial regime overshadowed the nation's centuries-old ethnogenetic origin and culture. The ancient genealogy became obscure, and the Kazakh nation almost lost its statehood. The initiative, a legitimate continuation of the idea of spiritual revival, paved the way for the decolonisation of Kazakh history, literature, customs, and culture. This contemplation showed that the Kazakh steppe is a sacred place where civilisation is intertwined and nomadic culture expands. It was noted that Kazakhstan is the fatherland of the Great Steppe, the cradle of the Turkic world, and a stable place of common heritage. The purpose is to scientifically define the role and significance of the horse for the nation, which is reflected in literary heritage, from folklore to today and to examine the ways of picturing the horse's intuition in the novels to reveal the nature of human destiny and the world's falsity. This study was conducted by using comparative and descriptive analysis methods. The study's results can be used in the fields of science related to literature and culture and ethnography of the Kazakh and Turkic nations., Филологические науки, Выпуск 1 (68) 2023